9 сынып

2017 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық!

 

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарын басшылыққа алу керек. Себебі, ОЖСБ-да жүргізілетін кешенді тестілеудегі тапсырмалар саны мен мазмұны, тестілеуге бөлінетін уақыт әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады.

 

Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндері бойынша оқу бағдарламасына, оқулықтарға сай әзірленеді.

 

Тест спецификациясы тест жоспары мен тестілеу рәсімі туралы толық мәлімет берілген құжат. Ол төмендегідей элементтерді қамтиды: тест мақсаты, міндеттері, тест тапсырмалар мазмұны сипаттамасы (тапсырманың нені тексеретіндігі), тест тапсырмасының орындалуының орташа уақыты, тапсырмалар саны, тапсырма формасы, жеке тапсырмалардың және жалпы жұмыстың бағалануы.

 

Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

 

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

 

  • қазақ тілі пәнінен – бір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмасы. Оның ішінде оқу сауаттылығын бағалауға арналған 1 мәтін, мәтінмен жұмыс істеуге арналған 5 тест тапсырмасы;

  • басқа пәндерден – 40 тест тапсырмасы. Оның ішінде 25 – бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы, 15 – бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы.

 

Тест тапсырмаларының бағалануы:

 

  • бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл;

  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл, екі немесе одан да көп қате 0 балл.

 

9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл (екінші пәнде информатика пәнін тапсырғандар үшін максималды балл – 47 балл).

қазақ тілі тест - жүктеу

математика тест - жүктеу 

химия тест - жүктеу 

тарих пәнінен тест - жүктеу

BannerFans.com
BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

іздеу