Мұғалімдер күні
Мұғалімдер күніне арналған
«Ұлағатты Ұстаз» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-демекші мектеп өміріндегі ең маңызды да дәстүрлі мерекенің бірі-ұстаздар күні.
Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Мектебімізде ұстаздар күніне арнап мектепте мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Аталмыш мерекеде орындалған әсем ән мен тәтті күй, белсенді оқушылар тарапынан көрсетілген өнер-жиналған ұстаздар қауымының жұрегіне жол тапты.