Материалдар

Болашақ мұғалімдерге талап күшейтілді.

Педагогикалық мамандықтар бойынша шекті ұпай көтерілді, енді талапкерлер кем дегенде 75 балл жинау керек.

Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін ҰБТ-тың шекті ұпайы қандай мамандық бойынша өзгергенін жариялады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, биыл педагогикалық мамандықтар бойынша ғана шекті ұпай көтерілді. Басқа ешқандай өзгеріс жоқ.  
Бүгінде шекті ұпай саны – 50. Ал ұлттық университеттерде – 65 балл. Сосын ветеринария бағыты бойынша шекті ұпай 60 балға дейін көтерілген болатын.  



BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу