Материалдар

«Жақсылық жаса» қайырымдылық жәрмеңкесі!

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі.

Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.

Осы ниетпен, 12 ақпан күні біздің мектебімізде «Жақсылық жаса» атты Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке мақсаты: балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа  және басқаларға көмек қолын беруге тәрбиелеу. Жәрмеңкеге бүкіл мектеп қатысып, оқушылар түрлі тауарларды ұсынды. Сатылымға тәттілер, қолдан жасалған бұйымдар, ермексаздан жасалған ойыншықтар, суреттер қойылды.  Бәрі де сатылды. Әсіресе тәтті нәрселерге: бауырсақ, құймақ, самса, бәліш, тоқаштарға үлкен сұраныс болды. Жәрмеңкеге белсенді қатысып, ең көп ақша жинаған 4 "Б" және 1 «Б» сыныптары. Жәрмеңке өте жақсы өтті деген ойдамыз.

 

Қайырымдылық жәрмеңкесі қорытындысы бойынша 30 500 тг. жиналды. Жиналған қаражат Песчан ауылының жалпы білім беретін №2 мектеп-интернатына қайырымдылық көмек ретінде жұмсалатын болады. Айта кетейік бұл жәрмеңке біздің мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. 

 

Байқоныс ЖОББМ

 

әлеуметтік педагогы Алимбаева Р.А.