Материалдар

Ауғанның өтті жалыны

 Биыл Кеңес əскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. 10 жылға жуық созылған қантөгіске жерлестерімізде қатысып ерлік көрсетті. Ауғаныстанда сəуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналған еді. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

13.02.2019жылы Байқоныс жалпы орта білім беру мектебіңде  Ауған соғысының 30 жылдығына орай Ауған соғысының  ардагері Саримов Кумар Рамазанұлымен8-9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.  Жас жеткіншек соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды.

 

Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білді. Ауған соғысы ардагерлері ҰОС жылдарындағы фашизмді жеңген  қаһарман ата –бабаларымыздың ерен ерлігін екінші мәрте қайталады.
    Шараға қатысқан қонағымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.
 Балалар ардагер ағаларына сұрақтарын қойып, емен-жарқын əңгіме өрбіді. Барлығы жиналып естелік суретке түсті. 

 

АӘД пән мұғалімі Рамазанов А.А

Байқоныс мектебі

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу