Материалдар

«Бір ел – бір кітап» акциясының қоғамдық мәні

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» па­триоттық актісі Қазақстан қоғамының рухани тірегіне айналып, патриоттық рух пен биік адамгершілік өнегеге бағытталып отыр. Ескі қағидаға сүйен­­сек – «халық өткенін бағамдамай, бо­ла­­­шаққа жылжи алмайды». Сондықтан дәс­түр, тарих, мәдениет сияқты рухани құн­дылықтарға баса назар аудару қажеттігі туындауда. Осындай құнды  байлық,  тіл шебер­лігін арттырып, сөйлеу мәдениетін үйрететін, оқырманның рухани – кітап оқуды кеңінен насихаттау мақсатында, елімізде «Бір ел – бір кітап» акциясы жыл сайын  өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұраны сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдық пен өнегелілікке тәрбиелеу.

 

Сонымен қатар, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай дамытуына мүмкіндік туғызу болып табылады. 
Жыл сайын өткізіліп отырған оқу акциясы өзінің оқырмандарға қажет екендігін, өмір­шеңдігін дәлелдеп отыр. Әдеби шығарма оқу тек қана оқу емес, ол өзіңді-өзің тәрбиелеу, парасаттылыққа апарар жол іздеу. Елімізде жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» оқу ак­циясы өз жалғасын тауып, табысты өтіп, жазба мәдени мұраны насихаттау мен оқыр­ман­дардың кітап оқуға деген көзқарасын жақ­сартуда, қоғамда үлкен жетістіктерге жетіп отырғаны сөзсіз. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыны оқыту және насихаттау жас­тардың жан дүниесін әде­биетпен сусындатып,  отаншылдыққа әрі өнеге­лікке тәрбиелеу бүгінгі күнгі басты мәселе. 
                                         Байқоныс мектебінің кітапханашысы

 

                                         Сергазинова А.М

 

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу