Материалдар

«Ардагерім-ардағым!» қайырымдылық акциясы

Адамға ізгілік жасау – сауапты іс демекші,  7-12.01.2019ж өткен «Қамқорлық» акцияша  байланысты Байқоныс  жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мектебімізге бекітілген тіл, еңбек, білім  ардагерлерінің үйіне барып, көмек көрсетті. Балалар қар күреп, үйіне  көмір кіргізіп, жалпы үй шаруаларына үлкен көмек көрсетті.Оқушылар өздері дайындаған өлеңдерін айтып,  ата мен әжелердің көңілдерін көтерді. Қарияларымыз өткен күндерін еске алып, көз жастарына ерік берді.  Ардагерлеріміз  балаларға ризашылықтарын білдіріп, тілектерін айтып, бір жасап қалды. Оқушылар қарияларымызға өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сырласып, әңігімелесіп,  ризашылығын білдірді. Адамның көңілін көтеретін де, жанын жаралайтын да сөз. Қарттар келген қонақтармен әңгімелесіп, мазалап жүрген кейбір жағдайларын айтып бір марқайып қалды. 

 

Оқушылар қарияларға көтеріңкі көңіл күй, шаттық сыйлады деп те айтуға болады. Оқушылардың бойында ізгілік, қайырымдылық қасиеттерінің бар екендігін байқауға болады. Мұндай акция қазіргі уақытта аса қажет. Ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік - қазіргі қоғамда баға жетпейтін дүниелер. Осындай акция өткізу арқылы болашақ ұрпаққа үлгі, сонымен қатар рухани тәрбиелеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдей отырып, олардың өміріне нұр енгізу, адамгершілік қасиеттерді ұялату. Қазақ халқы қашан да мейірбан, кеңпейіл, үлкенді сыйлаған халық қой. Сол қасиеттерді жоғалтпай, болашақ ұрпақ бойына сіңіру біздің парызымыз.

 

Шарипова Асель

 

8 сынып оқушысы

 

Байқоныс мектебі

 

 

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу