Материалдар

Ұрпақтарға қалған мұрағат

Ұрпақтарға қалған мұрағат

Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз. Осыған орай жуырда Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің 9  сынып оқушылары жетекшілікте тарих пәні мұғалімі Сүлейменова М.Б және Рамазанова А.М –мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздағы Потанин атындағы  және Әскери даңқ мұражайына саяхат жасады.

 

Потанин мұражайында әлемге әйгілі естеліктермен оқушыларды мұражай қызметкері таныстырды. Әскери даңқ мұражайында оқушылар Ұлы Отан соғысы жайлы көптеген ақпараттар мен естелік көрді. Байқоныс мектебінің оқушылары     Рухани жаңғыру бағдарламасы барысында ел есімінде қалған ұмтылмас тарихи оқиғалар мен естеліктерді жаңғыртып, оздеріне қажетті көптеген мәліметтерді бойларына сіңірді. Оқушылар мен әріптестер тарапынан осы сапарды ұйымдастыруға қол үшін берген мектеп директоры Базарбаева Гүльмира Қуанышқұлқызына алғыс айтамыз.

" Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін " тұжырымды ойлардан, тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек!!!

Байқоныс мектебі

Тарих пәні мұғалімі

Рамазанова А.М

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу