Материалдар

«Тіл-ұлттың тұғыры,рухы мен намысы.

«Тіл-ұлттың тұғыры,рухы мен намысы.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңын жүзеге асыру  мақсатында Байқоныс орта мектебінде 22-қыркүйекте «Тіл-достықтың құралы» атты дәстүрлі  фестиваль ұйымдастырылды.Аталмыш іс-шара мектеп директоры Базарбаева Гүлмира Қуанышқұлқызының тіл мерекесінің ашылу салтанатына байланысты құттықтау сөзімен басталды.Тіл-адамзат үшін ең басты құрал болғандықтан, қай ұлттың өкілі болса да өзінің ата тілі дара тілі болып саналады.5-11 сынып оқушылары өз сынып жетекшілерімен әр түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін,тағамын,ұлттық өнерін презентация түрінде мәлімдесе, шығармашылық тапсырма түрінде сахна төрін ән мен жырға,би мен күйге толтырып,көрермендермен  ата-аналар,мектеп ұжымы балалардың өнерін қошеметтеп  ізгі тілек-ниеттерін білдірді.Сонымен қатар, «Тіл айлығы» қарсаңында мектеп бойынша  қазақ,орыс,ағылшын тілі мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен  «Тілдер ұштұғырлығы» атты әдеби кешті Г.Ж.Жуламанова,қазақ тілі мұғалімі Б.К.Алимжанова,жас маман А.Н.Джунусбекова орта буын оқушылары арасында өткізді.

Орыс тілі әдістеме бірлестік мұғалімдері «Ана тілім-дана тілім» атты тіл туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды.Жас дарындар арасында «Абай,Махамбет,Мәшһүр-Жүсіп» авторлық оқулары жүргізілді.Мектеп кітапханашысы А.М.Сергазинова «Бір ел-бір кітап» республикалық акция шеңберінде,Тіл айлығына байланысты көрме ұйымдастырды.Аға тәлімгер М.М.Калимулина оқушылар арасында «Туған тілім -айбыным» атты викториналық сайыс жүргізді.Шағын орталық және мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері «Ана тілім-ардағым» атты ертеңгілік ұйымдастырып,жас бүлдіршіндердің туған тілге деген құштарлықтарын арттыра білді.Жаппай мектеп бойынша «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты сынып сағаты өткізілді.Ұйымдастырылған іс-шаралар балалар жүрегінен өз орнын таба білді.Туған тілдің қадірін білу әр Қазақстандық азаматтың міндеті!

Байқоныс орта мектебінің қазақ тілі әдістеме бірлестік жетекшісі: Б.Қ.Алимжанова

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу