Материалдар

Біздің мақтанышымыз!

Біздің мақтанышымыз!

Петропавл қаласында өткізілген «Батыс Кубогы-2018» республикалық турнирде муай-тай жарысы бойынша  Байқоныс мектебінің 4-сынып оқушысы Қуанышқұл Нұралы күміс алқаға  ие болып,дипломмен марапатталды.

Бұл жарысқа Ресей Федерациясының командасы  және Қазақстан Республикасының әр аймағынан  15 команда қатысты.        Жарысқа 6-17 жас аралығындағы  300 қатысушы жиналды.

Оқушымыз Қуанышқұл Нұралы үшін «Батыс Кубогы-2018» жарысындағы жүлделі екінші орын ең үлкен жетістік.Өз тәжірибесінде облыстық муай-тай Федерациясының атынан «Жеңіске деген күш жігері» атты номинацияға ие болды.

Жас спортшының осындай оң нәтижеге қол жеткізгені үшін мектеп тренері Сейльхан Нұрсұлтан Мұратұлына алғысымыз шексіз.Әрине, Нұралының спорт әлемінде бұдан да биік шыңдардан көрініп,ата-анасының,ұстаздарының еңбегін ақтап,үлкен нәтижелерге жетуіне шын жүректен тілектеспіз.

Байқоныс мектебінің қазақ тілі мұғалімі:Б.Қ.Алимжанова

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу