Материалдар

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты шара

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты шара

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты. Жастар арасында, үйде немесе көшеде кездесетін зорлық – зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе болып отыр, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Осы мақсатта біздің мектебімізде зорлық – зомбылықтың және бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеудің алдын алу бойынша «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік бойынша оқушылармен, ата – аналармен, ұстаздармен іс-шаралар өткізілді.

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік іс-шараның ашылуы (144 оқушы)

 

 

Аға тәлімгер Калимулина М.М ата-аналарға арнап тақырыптық стенд ұйымдастырды.

 

1-4 сынып оқушылары Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз атты сурет көрмесі орын алды (45 оқушы)

 

1–4сыныптар арасында «Балаларды ренжітпеу,кемсітпеу», 5-11 сынып арасында «Балалық шақты қорғау заңдары»  атты тақырыпта сынып жетекшілерсынып сағаттарын өткізді (144 оқушы). Мектеп психологы Кайдарова Г.Б және әлеуметтік педагог «Отбасымызда зорлық зомбылыққа жол жоқ» атты ата-аналармен семинар тренинг өткізді (65 ата-ана). Әлеуметтік педагог Алимбаева Р.А 8-11 сыныптар арасында «Қорқытып алушылық» атты сауалнама алды (46 оқушы). Сауалнама жасырын түрінде өткізілді. Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша зорлық –зомбылық көріп жүрген оқушылар анықталған жоқ.АІІБ  Кәмелетке толмағандар жасөспірімдердің инспекторы  Мусабекова А.А  5-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық тақырыбында әңгімелесіп, оқушыларға үнемі тәртіп сақтау керек екенін айтып өтті. «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ!» мақсатында оқушыларғабейне ролик көрсетілді (59 оқушы).

 

«Балалар мен балалық шақты қорғайық» атты мектеп алды даярлық тобының және «Балдырған» шағын орталық тәрбиенушілерымен көрме ұйымдастырылды (31 тәрбиенушылер)

 

Мектеп кітапханашысы Сергазинова А.М « Біз салауатты келешек үшін» атты кітап көрмесін әзірледі (36 оқушы)

 

«Тең-теңімен», атты спорттық эстафета, 5-8 сынып аралығында спорт нұсқаушысы Ержан Д.М өткізді (40 оқушы)

 

Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

 

ТЖДО:           Кусанов Ж.Т

 

 

 

 

 

 

 

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу