Материалдар

Тәуелсіздік күніне өткізілген іс- шаралар

2018-2019 оқу жылында Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінде Тәуелсіздік күніне өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 27 жыл ішінде туелсіз Қазақ елін қалыптастырып , нарықтың қиын өткелдерін аман өткізіп келеміз.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі кунге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Жиырма бір жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп , төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде,білім, денсаулық,спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – бізің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпімді дамуға байланысты.

Тәуелсіздік белестері атты кітап көрмесі өтті.

 

    

Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып , ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.
Осы мерекемізге орай Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінде біраз іс- шаралар ұйымдастырылып өтілді.

Менің «Тәуелсіз елім!» атты сурет көрмесі, 1-4 сынып аралығы

 

  5-8 сынып оқушыларының аралығында «Тарихтің ұздік білімпазы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді, іс-шараны ұйымдастырылған тарих пәнінің мұғалімдері Рамазанова А.М және Сулейменова М.Б

1-11 сыныптар бойынша «Астана бас қала» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға Желтоқсан оқиғасы туралы мәлімет берілді, презентация турде көрсетті

 

 

«Бір шаңырақ аясында» атты мәнерлеп оқу сайысын орыс тілі, әдебиет және казақ тілі, әдебиет мұғалімдері өткізді.

 

8 сыныпта сынып жетекшісі Кайдарова Г.Б «Желтоқсан желі - ызғарлы» атты ашық сабақты көрсетті.

 

14.12.13 Было проведено торжественное мероприятие «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!», посвященную Дню Независимости РК.

 

 14.12.18 «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім1» атты салтанатты мерекесімен аяқталды.

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығын атап өту мектеп мұғалімдері мен оқушылары үшін үлкен мерекелердің бірі болды.

ТЖДО Кусанов Ж.Т