Материалдар

«ЖАРҚЫРА, ҚАЗАҚСТАН! ЖАРҚЫРА, ТУҒАН ЖЕР!» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ

«Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНІҢ ҒАЖАЙЫП ШЫРШАСЫ

 

Қыс өзінің сәнін алда келе жатқан жаңа жылдық мерекесімен ұштастырды. Әрине, балалардың жаңа жылды асыға күтетіні сөзсіз. Өйткені жаңа  жыл мерекесі тек қана жақсы тілектер мен асқақ армандардың орындалатын уақыты. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды өздерінің сыйлықтарымен, қызықты көңілді сәттерімен мектеп шыршасының жанында асыға күтеді.

     Байқоныс мектебінде акт залында ең маңызды мереке ─ Жаңа жыл мерекесі өтті. Акт залдың төрінде әсем безендірілген әдемі шырша тұр. Шыршаның айналасында 27-28 желтоқсан аралығында балалар осынау ғажайып мерекені атап өтті. Дәстүр бойынша балалар ән айтты, мың бұралып ертегі кейіпкерлерімен би биледі. 

 

Сонымен қатар балалар мереке кезінде түрлі ойындарға белсене қатысты. Өйткені әр бала Аяз атадан өз өнерлеріне көптеген сыйлықтар алғысы келеді.

 

Біздің мектебіміздегі ғажайып мерекені қызықты өткізуде ұстаздар, ата-аналар келіп белсендіқатысты. Президенттік шыршаға азқамтылған отбасылардан  балалар 3 бала шақырылды.

 

“Алақай! Жақында жаңа жыл!!!” ─ жаңа жыл қарсаңында тек қана осындай қуанышты үндер естіледі. Барлық  балалар игі тілектер айтқысы келеді, жақсы сыйлықтар алғысы келеді және де Жаңа жыл мерекесінде көңіл көтергісі келеді…

 

ТЖДО Кусанов Ж.Т