Материалдар

«Бейбіт күні жасасын әлемде!»

 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Осы мейрам күніне арнап «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты Байқоныс мектебінде сурет көрмесі өтті. Көрмеге бастуыш, орта және үлкен топ оқушылары қатысты.

 

. Барлық салынған жұмыстар өтте әдемі, тақырыпқа сай бейнеленген. Әр оқушы өз жұмыстарын патриоттық сезіммен, махаббатпен, жылы мейірімімен көрсетте білді. Сайыс қорытынды бойынша бастауыш сынып арасында 1 орын иегері 2б сынып оқушысы Сулейменова Дарина, 2 орын Куцев Илья 2б сынып оқушысы, 3 орын Кумашева Мөлдір 3 сынып оқушысы; орта және үлкен буын сыныптар  арасында 1 орын 6а сынып, 2 орын 8а сынып, 3 орын 5а сынып. 

 

Бейнелеу пәнінің мұғалімі Құсанов Ж.Т

Байқоныс мектебі