Материалдар

Шахмат үйірмесінің ашылуы

9 қантар 2017 жылы Байқоныс мектебінде шахмат үйірмесінің салтанатты ашылу өтті. Салтанатты жиынға аудан білім беру әдіскері  Жумасанова А.Б. және еңбек ардагері Икешев С.О. қатысты. Құттықтау сөзін мектеп директоры Базарбаева Г.К. және аудан білім беру әдіскері  Жумасанова А.Б. сөз сөйледі. Шараның басталуы оқушыларға «Шахматтың шығу тарихы» және «Ұлы әлем шахматшылары» туралы презентация көрсетілді. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін оқушылар шақырылған қонақтармен шахмат партиясын ойнауға мүмкіндік алды.

 

Ғалымдардың зерттеуінше, шахмат ойыны адамның есте сақтау қабілетін дамытып, қиын сұрақтарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Планшет пен әлеуметтік желілерден гөрі балалардың осы шаршы тақтаның алдында отырғаны пайдалы. 

 

Шахмат үйірмесіне 2-3 сыныптар қатысады.

 

Шахмат нұсқаушысы    Рамазанов А.А.