Материалдар

Дарынды ұрпақ-өмір болашағы

Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі бойынша Қазақстан  Республикасының 25 жылдығына орай арналған балалар шығармашылығының облыстық «Қалам сынағы-2016» жобасына 7-сынып оқушысы Бейсембаева Эльнура қатысып,жүлделі ІІ орынға ие болды.Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған  «Көк тудың желбірегені » атты шығармашылық байқауында әділқазылар алқасының шешімімен 6-сынып оқушылары Канатова Слушаш пен Шарипова Асель ІІ дәрежелі дипломға ие болды.Бұл жазба жұмыстары «Қазақстан патриоты» атты республикалық журнал баспасынан жарық көреді.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп,техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың білім алушыларына арналған қашықтықтан өткізілген «Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз бірлікте» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Болат Гүлраушан І орынға ие болып,дипломмен марапатталды. 

 

Оқушылардың осындай дарындылығын дамыта білген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары Нуртазина Батен Иманбековна,Алимжанова Булбул Каирбаевна  жас ұрпақты елі мен  жерінің патриоты болуына ат салысқаны үшін,республикалық  дәрежеде «Алғыс хатпен »марапатталды.Мектеп ұстаздарына шын алғысымызды білдіре отырып,шығармашылық табыс,зор денсаулық тілейміз.

Байқоныс мектебінің оқу ісінің меңгерушісі:Сейльханова Ж.М

BannerFans.com
BannerFans.com
BannerFans.com

іздеу