«ПРОФИ – TIME »
«ПРОФИ – TIME » Облыстық жобасына қатысып. Байқоныс мектебінің «Жас Ұлан» мүшелері 1 орын иеленді.
«Бейбіт күні жасасын әлемде!»
9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Осы мейрам күніне арнап «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты Байқоныс мектебінде сурет көрмесі өтті. Көрмеге бастуыш, орта және үлкен топ оқушылары қатысты.
Шахмат үйірмесінің ашылуы
9 қантар 2017 жылы Байқоныс мектебінде шахмат үйірмесінің салтанатты ашылу өтті. Салтанатты жиынға аудан білім беру әдіскері Жумасанова А.Б. және еңбек ардагері Икешев С.О. қатысты. Құттықтау сөзін мектеп директоры Базарбаева Г.К. және аудан білім беру әдіскері Жумасанова А.Б. сөз сөйледі. Шараның басталуы оқушыларға «Шахматтың шығу тарихы» және «Ұлы әлем шахматшылары» туралы презентация көрсетілді. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін оқушылар шақырылған қонақтармен шахмат партиясын ойнауға мүмкіндік алды.
Дарынды ұрпақ-өмір болашағы
Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі бойынша Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай арналған балалар шығармашылығының облыстық «Қалам сынағы-2016» жобасына 7-сынып оқушысы Бейсембаева Эльнура қатысып,жүлделі ІІ орынға ие болды.Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Көк тудың желбірегені » атты шығармашылық байқауында әділқазылар алқасының шешімімен 6-сынып оқушылары Канатова Слушаш пен Шарипова Асель ІІ дәрежелі дипломға ие болды.Бұл жазба жұмыстары «Қазақстан патриоты» атты республикалық журнал баспасынан жарық көреді.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп,техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың білім алушыларына арналған қашықтықтан өткізілген «Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз бірлікте» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Болат Гүлраушан І орынға ие болып,дипломмен марапатталды.