«МЕН OFFLINE»
Ақпарат
мектеп іс-шараларын өткізу туралы
Республикалық кең ауқымды балалар акциясы бойынша,
Халықаралық күніне арналған интернет
"МЕН OFFLINE»
Бүгін әр ата-анаға баланың смартфоннан немесе планшеттен бас тартқандығы белгілі. "Тағы 5 минут және бәрі", "мен тек қарап бастадым" деген сөздер күнделікті шындыққа айналды. Балалармен келісу әрекеті бұзылған көңіл-күйге әкеледі.
Дүниежүзілік статистика бойынша халықтың шамамен 50%-ы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері бірден тұрады.
Интернет тәуелділіктің алдын алу, Интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың кәмелетке толмағандардың Интернет-белсенділігін бақылауға қатысты жауапкершілігін Интернет арқылы пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2019 жылғы 27 қаңтарда халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE"республикалық кең ауқымды балалар акциясын өткізуге бастамашылық етеді.
"Байқоныс ЖОББМ" ММ-де акция өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Акциямен 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарлануда.
Акцияның ашылуы өтті, онда ИВТ мұғалімі Шаку Сакен оқушыларды алдағы іс-шаралармен таныстырды.
Ұрпақтарға қалған мұрағат
Ұрпақтарға қалған мұрағат
Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.
Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз. Осыған орай жуырда Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары жетекшілікте тарих пәні мұғалімі Сүлейменова М.Б және Рамазанова А.М –мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздағы Потанин атындағы және Әскери даңқ мұражайына саяхат жасады.
Біздің мақтанышымыз!
Біздің мақтанышымыз!
Петропавл қаласында өткізілген «Батыс Кубогы-2018» республикалық турнирде муай-тай жарысы бойынша Байқоныс мектебінің 4-сынып оқушысы Қуанышқұл Нұралы күміс алқаға ие болып,дипломмен марапатталды.
Бұл жарысқа Ресей Федерациясының командасы және Қазақстан Республикасының әр аймағынан 15 команда қатысты. Жарысқа 6-17 жас аралығындағы 300 қатысушы жиналды.
Оқушымыз Қуанышқұл Нұралы үшін «Батыс Кубогы-2018» жарысындағы жүлделі екінші орын ең үлкен жетістік.Өз тәжірибесінде облыстық муай-тай Федерациясының атынан «Жеңіске деген күш жігері» атты номинацияға ие болды.
«Бақытты балалық шақ»
«Бақытты балалық шақ»
Байқоныс ЖОББ мектебінде «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты онкүндік акциясы өткізілді. Аталған іс – шараға мектеп оқушылары белсене қатысты. Осы шараның кішкентай бүлдіршіндері, яғни мектепалды дарлық тобының тәрбиеленушілері де жұмыла ат салысты. Олар: Айдарбек Абдурахман, Бакиров Арсен, Елубаев Асанали, Кабдылмутталап Нурали, Куанова Анеля, Кокбас Нуразат, Олжабай Мирас. «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты акциясына белсене қатысып, өз ойларын қағаз бетіне «Бақытты балалық шақ» тақырыбы аясында аппликация және қағаз шығармашылығы ретінде көрсетті. Бүлдіршіндер өздерінің қазіргі бақытты кезендерін түсіндіре білді және бұл ақцияға ата – аналарын да қатыстыра біліп, жақсы әсерде болды.