Ауғанның өтті жалыны
Биыл Кеңес əскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. 10 жылға жуық созылған қантөгіске жерлестерімізде қатысып ерлік көрсетті. Ауғаныстанда сəуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналған еді. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.
13.02.2019жылы Байқоныс жалпы орта білім беру мектебіңде Ауған соғысының 30 жылдығына орай Ауған соғысының ардагері Саримов Кумар Рамазанұлымен8-9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Жас жеткіншек соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды.
«Жақсылық жаса» қайырымдылық жәрмеңкесі!
Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.
Осы ниетпен, 12 ақпан күні біздің мектебімізде «Жақсылық жаса» атты Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке мақсаты: балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа және басқаларға көмек қолын беруге тәрбиелеу. Жәрмеңкеге бүкіл мектеп қатысып, оқушылар түрлі тауарларды ұсынды. Сатылымға тәттілер, қолдан жасалған бұйымдар, ермексаздан жасалған ойыншықтар, суреттер қойылды. Бәрі де сатылды. Әсіресе тәтті нәрселерге: бауырсақ, құймақ, самса, бәліш, тоқаштарға үлкен сұраныс болды. Жәрмеңкеге белсенді қатысып, ең көп ақша жинаған 4 "Б" және 1 «Б» сыныптары. Жәрмеңке өте жақсы өтті деген ойдамыз.
«Бір ел – бір кітап» акциясының қоғамдық мәні
Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Қазақстан қоғамының рухани тірегіне айналып, патриоттық рух пен биік адамгершілік өнегеге бағытталып отыр. Ескі қағидаға сүйенсек – «халық өткенін бағамдамай, болашаққа жылжи алмайды». Сондықтан дәстүр, тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтарға баса назар аудару қажеттігі туындауда. Осындай құнды байлық, тіл шеберлігін арттырып, сөйлеу мәдениетін үйрететін, оқырманның рухани – кітап оқуды кеңінен насихаттау мақсатында, елімізде «Бір ел – бір кітап» акциясы жыл сайын өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұраны сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдық пен өнегелілікке тәрбиелеу.
«Ардагерім-ардағым!» қайырымдылық акциясы
Адамға ізгілік жасау – сауапты іс демекші, 7-12.01.2019ж өткен «Қамқорлық» акцияша байланысты Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мектебімізге бекітілген тіл, еңбек, білім ардагерлерінің үйіне барып, көмек көрсетті. Балалар қар күреп, үйіне көмір кіргізіп, жалпы үй шаруаларына үлкен көмек көрсетті.Оқушылар өздері дайындаған өлеңдерін айтып, ата мен әжелердің көңілдерін көтерді. Қарияларымыз өткен күндерін еске алып, көз жастарына ерік берді. Ардагерлеріміз балаларға ризашылықтарын білдіріп, тілектерін айтып, бір жасап қалды. Оқушылар қарияларымызға өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сырласып, әңігімелесіп, ризашылығын білдірді. Адамның көңілін көтеретін де, жанын жаралайтын да сөз. Қарттар келген қонақтармен әңгімелесіп, мазалап жүрген кейбір жағдайларын айтып бір марқайып қалды.